14 Наурыз күні №2 Ленинград орта мектебінің мектепалды сыныбының оқушылары және "Айгөлек " шағын орталығының бүлдіршіндерімен көрісу күніне орай "Көрісу- жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн" атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Балаларға «Амал» мерекесі жөнінде, ауыл адамдары ағайын-туыс ауылын қыдырып, жасы үлкен ақсақалдар, ақ жаулықты аналар, аға-жеңгелер, бауырымен сәлемдесіп «Амал мерекесі құтты болсын» деп тілек айтылатыны жөнінде түсінік қалыптастыру. Арадағы өкпе-ренішті, араздықты ұмытып, ағайын-туыстың амандығын тілейтінін түсіндіру.