3 ақпан күні мектебімізде “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты – оқушыларға цифрлық технологияларды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін үйрету, интернетте қауіпсіз және жауапкершілікті әрекет ету дағдыларын дамыту. Сондай-ақ, балаларды сандық әлемдегі түрлі қауіптерден сақтануға, өздерінің жеке мәліметтерін қорғауға және онлайн ортада дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағытталған.