БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ
Қызмет көрсету мерзімі: Бір жұмыс күні

Қызметке кім жүгіне алады: ата-аналар (заңды өкілдері)

ҚЫЗМЕТТІ АЛУ ҮДЕРІСІ

1
Мектепті білім беру ұйымының каталогынан таңдаңыз
Сіздің ауданыңыз бойынша ұсынылған білім беру ұйымының каталогынан ұнаған мектепті таңдаңыз
2
Таңдалған мектепке түсуге өтініш беріңіз
Білім беру ұйымына түсу үшін өтінішті электронды түрде толтырыңыз
3
Келесі құжаттарды тіркеңіз

   "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде

   Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

  1. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
  2. баланың 3х4 өлшемді фотосуреті
  3. денсаулық жағдайы туралы анықтама № 065/у нысаны (Профилактикалық егулер картасы)
  4. денсаулық жағдайы туралы анықтама № 026/у-3 нысаны
4
Өтінішті жолдаңыз және оны тексеру нәтижесін күтіңіз
"mektep.snation.kz" порталындағы Жеке кабинетіңізге Сіздің өтінішіңіздің мәртебесі өзгергені туралы хабарлама келеді.
5
Баланы бірінші сыныпқа қабылдау туралы шартқа қол қою
Қабылдау туралы шартқа қол қоюға шақыру. Сіздің балаңызды таңдаған мектептің бірінші сыныбына қабылдау.