Наурыз — жаңа жылдың, жаңарудың, молшылық пен берекенің мерекесі!
Бүгін ерекше күн! Мектеп алаңында Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті! Бұл - ұлттық киімдер дәріптеліп, қазақтың дәстүрлі ойындары, әндері және билері қайта жаңғырған күн!
Наурыз мерекесі тек көктемнің келуі ғана емес, достық, татулық пен бірліктің символы. Бұл күн барлық жұртқа қуаныш сыйлап, мерекенің маңыздылығын тағы бір мәрте сезіндірді. Әрбір қатысушы үшін бұл күн ұмытылмас, жарқын әсерлермен есте қалды.
Сіздерді көктемнің жайма-шуақ әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке, амандық пен бақыт әкелсін! 
