2-желтоқсан күні мектебімізде «Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясына байланысты «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» атты сынып сағаттары өтті. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары «Ұсқынсыз үйрек балапан» мультфильмін тамашалады. Бұл іс-шаралардың мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.