🌷 22 Наурыз – жаңа күннің, жаңа бастаманың мерекесі! Бұл күні табиғат та, адам да жаңарады, жаңа арман мен мақсаттарға ұмтылады. Барлық қазақстандықтарға мерекелі Наурыз күні құтты болсын! Татулық пен бірлік, махаббат пен бейбітшілік әр шаңырақта болсын. Елімізде береке мен бақ-дәулет, әр отбасыға қуаныш пен шаттық тілеймін. Наурыздың әрбір сәті жүрегімізде жаңару мен үміттің нұрын сыйласын! Жаңа жыл жаңа жетістіктермен, бақытты сәттермен келсін!
Әз-Наурыз құтты мереке бізге көнеден,
Дәм татар бәрі жиылып наурыз көжеден.
Жыл келді!
Нұры қосылып енсін төріңе Жылбасы құт бол!
Күн менен түнді теңеген.