Бүгін №2 Ленинград орта мектебінде «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті. Сонымен қатар сайлауға түскен үміткерлер мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының фракция көшбасшылары болып тағайындалды. Оқу ісінің меңгерушісі Арайлым Кадыровна жаңа президент Өміртас Фердаусты жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оған толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде, Фердаус оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдап, мектеп оқушылары мен ұстаздарының өзіне артқан жоғары сеніміне алғысын білдірді. Салтанатты жиынға қатысушы оқушылар мен ұстаздар қауымы мектептің жаңа президентін құрметпен қарсы алып, өз ықыластарын білдірді.