Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.
Осыған орай, Ұлттық кітап күні қарсаңында мектебіміздің кітапханашысы Идолда Р. оқушылармен бірге “Менің сүйікті кітабым” атты буккроссинг өткізді. Мақсаты: оқушыларды кітапты құрметтеуге үйрету, оны түсініп оқуға баулу және өздерінің оқыған кітаптарын басқаларға ұсыну мен бір-біріне шын жүректен кітап сыйлау.