Қазақстан Республикасы
Оқу - ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына
1-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Әліппе" оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:
1) дыбыспен жаттығу;
2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
3. Әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
4. "Әліппе" оқу пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
5. "Әліппе" оқу пәнінің міндеттері:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.
2-тарау. "Әліппе" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. "Әліппе" оқу пәнінің мазмұны
6. "Әліппе" оқу пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
7. Оқу пәнінің мазмұны:
1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);
3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
8. "Әліппе" оқу пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
9. "Әліппе" оқу пәнінің мазмұны І жартыжылдықта "Әліппе" оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;
а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.
Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.
11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;
2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
4) сөзге дыбыстық талдау жүргізу: сөздегі буын санын анықтау, сөз ішіндегі дыбыстарды екі, үш буынды сөзбен анықтау; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
5) жазуға дайындық кезеңінде - қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу).
6) тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
12. Әліппе кезеңінің міндеттері:
1) қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру;
2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;
3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;
5) дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;
6) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру;
9) ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Ескерту: І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
13. "Әліппе" оқу пәнінің базалық білім мазмұны.
14. Тыңдалым мен айтылым:
1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру; коммуникативтік мақсаттарына сәйкес қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардың буын құрау дағдыларын қалыптастыру;
4) дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;
5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;
6) сөз әдебінің формаларын қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу).
Ескерту: Тыңдалым материалының көлемі: 30 сек - 1мин.
15. Оқылым:
1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
3) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;
5) буындап оқудан сөзді үзбей, толық оқуға үйрету.
Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.
16. Жазылым:
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;
3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;
6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
2-параграф. "Әліппе" оқу пәні бойынша күтілетін нәтижелер
17. Әліппеге дейінгі кезеңдегі күтілетін нәтижелер:
1) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді;
2) сұрақты тыңдайды және оны түсінеді, сұрақтарға жауап береді;
3) сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды;
4) сөзге дыбыстық талдау жасайды;
5) көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды;
6) коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады;
7) дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, жазады.
18. Әліппе кезеңіндегі күтілетін нәтижелер:
1) дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады;
2) мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбысты анықтайды;
3) дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды;
4) оқу түрлерін (буындап оқу, сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды;
5) дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді;
6) сызба-модель, сурет белгілері арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады;
7) сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады;
8) тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз ойын білдіреді;
9) мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қоя алады, сұраққа жауап береді;
10) сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
11) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді еске сақтап, естуі бойынша жазады;
12) көркем жазу талаптарына сай, жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады;
13) ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі;
14) еліміздің рәміздерін (Әнұран, Елтаңба, Ту) біледі.
Қазақстан Республикасы
Оқу - ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына
2-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Ана тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ана тілі" оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А. Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:
1) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
2) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
3. "Ана тілі" оқу пәнінің мақсаты – білім алушының оқу-жазу дағдыларын жетілдіру және тілін дамыту.
4. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:
1) сөзді тұтас оқуға, мәтінді түсініп оқуға, мәнерлеп оқуға және шапшаң оқуға машықтандыру;
2) жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, көркем жазу) қалыптастыру;
3) сөздік қорын байыту;
4) коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру;
5) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдау дағдыларын дамыту;
6) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу;
7) кітап оқуға қызығушылығын ояту, сөз өнеріне баулу;
8) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;
9) ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;
10) жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;
11) тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру;
12) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
2-тарау. "Ана тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. "Ана тілі" оқу пәнінің мазмұны
5. "Ана тілі" оқу пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы ІІ жартыжылдықта 114 сағатты құрайды.
6. Оқу пәнінің мазмұны:
1) негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);
2) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
3) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен;
4) балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады.
7. "Ана тілі" оқу пәнін оқыту әліппеден кейінгі кезең бойынша ІІ жартыжылдықта "Ана тілі" оқулығы арқылы жүзеге асырылады.
8. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:
1) тыңдалым, айтылым әрекеттері арқылы сөз өнеріне баулу;
2) ауызша тіл мен жазба тілін дұрыс дамыту;
3) мәтінді дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;
4) ауыз әдебиет үлгілері мен көркем шығармалар арқылы ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу;
5) тілдік білімнің алғашқы негіздерін меңгерту;
6) бастапқы жазу нормаларын сақтап, сауатты жазуға дағдыландыру;
7) көркем жазу дағдыларын дамыту;
8) мәтінмен жұмыста дереккөздерді пайдалана білуге машықтандыру.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттерін жүзеге асыруда А. Байтұрсынұлының жалқылаулы-жалпылау әдісі, тұтас сөзді әдісі, жазу-оқу әдісі басшылыққа алынды.
9. "Ана тілі" оқу пәнінің базалық білім мазмұны.
Тыңдалым мен айтылым:
1) тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;
2) сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
3) орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;
4) сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;
5) тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу;
6) сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау, рөлдік ойындар) сөз әдебіне үйрену;
10. Оқылым:
1) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
2) сөйлемді, мәтінді дауыстап оқу; мәнерлеп, түсініп оқу, мұғалімнің қолдауымен мәтіннен қажет ақпаратты тауып оқу;
3) айтылу мақсатына қарай сөйлемнің интонациясын (хабарлы, лепті, сұраулы) сақтап оқу;
4) сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау;
5) сөздердің мағынасын (мәндес; мағынасы қарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер) ажырату, сөздік қорын байыту;
6) мәтін тақырыбын "Кім (не) туралы?" деген сауалдар арқылы анықтау, оқылған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;
7) оқыған мәтіні бойынша өз ойын, алған әсерін білдіру;
8) әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (суретті кітап, сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпараттарды табу;
9) сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;
Ескерту: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз, ғылыми-танымдық мәтін көлемі – 20-30 сөз.
ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25-30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
11. Балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) тілі жеңіл, Отан, туған жер, табиғат, жан-жануарлар, отбасы, еңбек, денсаулық туралы мәтіндер беріледі.
12. Жазылым:
1) әріптерді талапқа сай көркем жазу; әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі үзбей (ырғақты) жазу;
2) әр сөйлемнің бас әріптен басталатынын, сөйлем ішіндегі сөздердің бөлек жазылатынын, сөйлемнің соңына тыныс белгі қойылатынын білу, қолдану;
3) көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы сөздерді (7-10 сөз), жай сөйлемдерді (3-4 сөйлем) жатқа жазу, жазғанын үлгіге қарап тексеру;
4) сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;
5) сауатты және көркем жазуға дағдылану;
6) заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді дұрыс қолдану;
7) бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына арнайы қойылған аттар) ажырату, дұрыс жазу;
8) сөйлеу барысында жалғауларды қолдана білу;
9) мұғалімнің қолдауымен сөзді тасымалдау.
Ескерту: 2-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 сөз, мазмұндама – 10-15 сөз, мәтінді көшіріп жазу – 10-20 сөз, шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (10-15 сөз). Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі
13. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі дағдылардың ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: "1" – сынып, "2.1" – негізгі дағдылар, "1" – оқу мақсатының реті.
14. Оқу мақсаттары күтілетін нәтиже түрінде айқындалған:
Тыңдалым мен айтылым
Негізгі дағдылар Оқу мақсаттары
1.1 Тыңдалым материалы арқылы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну 1.1. 1.1 мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну
1.2 Тыңдаған материалды мазмұндау 1.1. 2.1 көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.3 Оқиғаны болжау 1.1. 3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
1.4 Коммуникативтік қатынаста тілдік нормаларды дұрыс қолдану 1.1. 4.1 коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану
1.5 Тыңдаушының назарын аудару 1.1. 5.1 заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
1.1. 5. сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу
1.6 Тыңдаған материал бойынша өз ойын айту 1.1. 6.1 тыңдалым материалына қатысты өз ойын білдіру
1.7 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 1.1. 7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау
1.8 Сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес айту 1.1. 8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту
Оқылым
Негізгі дағдылар Оқу мақсаттары
2.1 Оқу түрлерін қолдану 1.2. 1.2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану
2.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 1.2. 2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
2.3 Мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтау 1.2. 3.1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу
2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну 1.2. 4.1 мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес; мағынасықарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату
2.5 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою, жауап беру 1.2. 5.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру
2.6 Мәтіннің жанрын анықтау 1.2. 6.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату
2.7 Түрлі дереккөздерден қажет ақпаратты алу 1.2. 7.1 мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу
2.8 Дыбыс пен әріпті тану, ажырату 1.2. 8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну
Жазылым
Негізгі дағдылар Оқу мақсаттары
3.1 Жоспар құру 1.3. 1.1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру 1.3. 1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру
3.2 Оқылым, тыңдалым материалының мазмұнын жазу 1.3. 2.1 мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу
3.4 Түрлі мәтіндер құрау 1.3. 4.1 мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу
3.5 Қатені табу, түзету 1.3. 5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету
3.6 Көркем жазу талаптарын сақтау 1.3. 6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу
Тілдік норманың қолданысы
4.1 Орфографиялық дағдылар 1.4. 1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу
1.4. 1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу
1.4. 1.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су аттары, жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау
4.2 Грамматикалық дағдылар 1.4. 2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану
4.3 Пунктуациялық дағдылар 1.4. 3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою
жүктеу
15. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады
16. Осы оқу бағдарламасы Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Ана тілі" оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
3-параграф. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Ана тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспары (оқыту қазақ тілінде)
Кезең Тыңдалым мен айтылым Оқылым Жазылым Тілдік норманың қолданысы
3-тоқсан
Әліппеден кейінгі кезең 1.1.1.1 мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну;
1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) сақтай білу;
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау
1.2.1.2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;
1.2.3.1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу;
1.2.4.1* мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес, мағынасы қарама-қарсы, айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату; 1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату;
1.2.7.1* мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу
1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну
1.3.1.1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру;
1.3.1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру;
1.3.1.2. * мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу;
1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу;
1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қ(атені түзету;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу
1.4.1.1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу;
1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою
4-тоқсан
Әліппеден кейінгі кезең 1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) сақтай білу;
1.1.5.1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
1.1.6.1 тыңдалым материалына өз ойын білдіру;
1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау
1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту
1.2. 1.2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.2. 2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;
1.2.3.1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу;
1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату;
1.2.7.1* мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу
1.3.1.1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру;
1.3.1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру;
1.3.2.1* мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу;
1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу;
1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу
1.4.1.1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.1.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау;
1.4.2.1* заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану
Жүктеу