Бүгін мектебімізде ғаламтор желісіндегі алаяқтықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуде алаяқтыққа қарсы тиімді шаралар талқыланды. Бұл кездесуге Ақжар ауданы полиция бөлімінің жедел іздестіру тобының уәкілі Кусаинов А.А. және жасөспірімдер инспекторы Ибраев Р.О. қатысты.