Мектеп кітапханасы – оқырмандардың ақпараттық мәдениеттін қалыптастыратын білімнің күн шуағы

Кітап адам баласының бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырып, рухани жан-жақты дамып жетілуіне әсер етеді. Кітапхана – осы оқу орнында білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың орны.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Білімді болу үшін рухани жан дүниеңіз бай, оған қоса адамгершілік, ар-ұят, кішіпейілділік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттер болуы керек. Осындай ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, сөз өнерін біз оқырмандарға кітап арқылы насихаттаймыз.
Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда өмірге азық жиясың.
Оқып-біліп, зерттеп көріп санаңа,
Терең білім, ой маржанын құясың,– дейді ойшылдар. Өйткені:
Кітап – білім бұлағы,
Кітапхана – сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың,
Анық тағы білімпаз боп шығары.
Мектеп кітапханасы туралы ақпарат.
Кітапхана жұмысының негізгі міндеттері.
Мектеп кітапханасының өзіне тән ерекшелігі болады. Біріншіден, ол кітапханалық норма мен ереже, екіншіден, қазіргі заманға сай мектептің оқу-тәрбие процесінің сұранысына толық жауап беруге тиісті.
Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген түрлі шаралар өткізіліп отырады көрмелер ұйымдастырылады. Біздің мақсатымыз –мұндай шараларды жалпы оқырмандар сусындайтындай, ой-пікір туғызатындай етіп өткізу, кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру.Кітапхана оқырманның жеке басының дамуын, қызығушылығын арттыруды көздейді. Оқырманның оқуға деген сұранысықанағаттандырылып, әрі қарай оқуына жетекшілік ететін – кітапханашы.
Негізгі міндет – әрбір оқушы өзінің керек кітабын тауып, жағымды ортада өз бетімен білімін жетілдіруге және өзіндік тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау. Сонымен қатар құнды кітап қорын пайдалана отырып, оқушыларды жаман ортаның әсерінен, қылмыстан, есірткіден бойларын аулақ ұстауға үйрету. Оқушыларды кітапты сүйе білуге, оқу мәдениетіне, тарихи, өнегелі және патриоттық әдебиетпен қатынасын арттыру.
Мектеп партасында отырған бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді рухани байыту –кітапханамыздың төл ісі. Сондықтан біздің кітапхана, қорыта айтқанда, өзіне мынадай міндеттер жүктейді:
1. Жан-жақты дамыған баланы тәрбиелеуге атсалысу;
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, оқу деңгейін көтеруге жәрдемдесу;
3. Мектептің педагог қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге септігін тигізу.