2025 жылдың 18 сәуірінде «Еркетай» балабақшасында балабақша және Ленинград 1, 2 мектеп тәрбиешілерімен «Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп сабақтастығы мектеп өміріне сәтті бейімделу шарты» тақырыбында ашық іс-шара өтті. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшадан мектепке көшу кезінде сәтті бейімделуіне жағдай жасау. Баланың бұрынғы тәжірибесі мен жинақтаған білімі негізінде тұлғасын қалыптастыру.