"Оқуға құштар" жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға тартудың бір жолы ретінде "Бейсенбі ертегісі" іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты ертегілер әлемінің қаншалықты бай және алуан түрлі екенін көрсету. Сондай-ақ оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және ой-өрісін дамыту.