“Спорт – денсаулық кепілі” демекші, оқушылардың спорттық дағдыларын дамыту мақсатында волейболдан мектепшілік біріншілік өтті. Мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. Бұл біріншілік жастарды командалық жұмысқа, тәртіпке, жеңіске деген талпынысқа баулып, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы мадақтама мен медальдармен марапатталды.