🌷Наурыз - тарихы терең, тағылымы мол мейрам. Мыңдаған жылдық мәні, өзге мерекелерге ұқсамайтын сәні мен әні бар. Наурыз күн мен түнді теңестіріп қана қоймайды, халықтың басын бір арнаға тоғыстырады. Әлсізге демеу, жүдеуге жәрдем, жәбірленушіге медеу етеді. «Көктем мен жаңару мерекесі Наурыз!» атты кітаптар көрмесінің мақсаты — Наурыз мейрамының мәдени және тарихи маңызын көрсету, қазақ халқының дәстүрлерін, салт-дәстүрлерін және ұлттық құндылықтарын насихаттау.