4-қазан "Ұстаздар күні" мерекесіне орай оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу мен білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында "ДУБЛЕР КҮНІ" өткізілді.
Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып қатысты.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 10-11 сынып оқушылары атқарды. Дублёр күні оқушылар сабаққа ынта ықыласпен дайындалды.











